"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болжанады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады", - делінген синоптиктер мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу