Бүгін елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, солтүстігінде боран болады

227

"Қазгидромет" РМК-сы ақпанның 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, солтүстігінде боран болады Фото: inbusiness.kz

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай қар жауады, оңтүстікте жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. ҚР бойынша тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу