"Қазгидромет" РМК 7 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын ұсынды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, бейсенбіде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында күтіледі.
Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (соның ішінде, тымық ауа-райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.