Бүгін еліміз бойынша орман қорында 3 өрт тіркелді

479

2026 жылы 25 шілдеде Республика бойынша орман қоры жерінде 3 өрт анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміз бойынша орман қорында 3 өрт тіркелді Фото: gov.kz

Бурабай ұлттық паркінде 2 өрт тіркеліп, "Казавиаорманқорғау" РМҚК-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылып, орманшылар мен "Казавиаорманқорғау" әуе десантшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында оқшаулау жұмысы жеделдетілді.
 
"Семей орманы" резерватында найзағай әсерінен орын алған аз аумақты қамтитын өрт ошағы қысқа мерзімде толық сөндірілді.
 
Өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігің қатаң сақтауға шақырамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу