Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Ерлан Қошанов

319

Бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады.

Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Ерлан Қошанов Фото: Facebook/Ерлан Қошанов

– Құрметті достар! Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Қазақстандықтар жаңа Құрылтайдың депутаттарын сайлап жатыр. Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі. Мен Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс бердім, – деді ол.

Сондай-ақ ол адамдар таңертеңнен бастап белсенді түрде дауыс беріп жатқанын атап өтті. Сайлауға отбасыларымен бірге келіп жатқандар көп. Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін.

– Баршаңызды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық парыздарыңызды орындауға шақырамын. Қуатты, Әділетті, Прогрессивті Қазақстанды бірге құрайық! – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу