Елімізде 15 тамызға дейін жаңа жиын-терімге жататын 883,2 мың гектар астық бастырылды. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, еліміз бойынша орташа шығымдылық гектарына 19,3 центнерді құрайды, деп хабарлайды abctv.kz.
Былтыр осыкезеңде Қазақстанда гектарынан 19,4 центнерден айналғанда 1672,2 мың тоннаастық жиналған болатын.
Бұған дейін kazakh-zerno.kz хабарлағандай, республика бойынша 15 млн гектар алқаптан егін орылуға тиіс еді.
Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары ұсынған болжамға сүйенетін болсақ, биыл жалпы алғанда 21-22 млн тонна деңгейінде астық бастырылуға тиіс.
АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігі тамыздағы шолуында Қазақстанның 2018/19 жылғы науқандағы астық өндірісін 14 млн тоннадан 14,5 млн тоннаға дейін ұлғайтқан.
Қазақстанның бидай экспортын бағалау шілде айындағысынан өзгермей, 8,5 млн тоннаны құрады.