Бүгін елімізде 25 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырып жатыр

904

Бұл жолғы тестіден алған балына көңілі толмағандар, жыл соңына дейін тағы үш рет болатын тестке де қатыса алады.

Бүгін елімізде 25 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырып жатыр

Бүгін еліміз бойынша 25 мыңнан астам талапкер ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

11 және 12-сыныптың оқушылары, жоғары оқу орындарына шартты түрде оқуға түскендер бақ сынауда.

Қысқы маусымда тест тапсырғандар мемлекеттік грантқа ие бола алмайды. Тек ақылы оқу үшін шекті 50 балды жинаса, жеткілікті. Бұл жолғы тестіден алған балына көңілі толмағандар жыл соңына дейін тағы үш рет болатын тестке де қатыса алады. Ол үшін бар болғаны кешенді тест үшін 2242 теңге төлеп, қабылдау комиссиясына құжат тапсырса жеткілікті. Тест әдеттегідей үш міндетті және екі таңдау пәннен тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу