Бүгін елімізде 6 орман өрті тіркелді

141

2026 жылғы 6 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгін елімізде 6 орман өрті тіркелді Фото: canva

Өңірлер бойынша:

  • Шығыс-Қазақстан облысы – 1 өрт;
  • Қарағанды облысы – 1 өрт;
  • Павлодар облысы – 1 өрт;
  • Қостанай облысы – 2 өрт;
  • Семей МОТР – 1 өрт.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты мониторингі нәтижесінде жедел анықталды.

Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары және арнайы техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Марқакөл ГПЗ-да және Алматы облысында өртті сөндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарына "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның тікұшағы жұмылдырылды.

"Қабылданып жатқан жедел шаралар нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеуде. Жағдай бақылауда. Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, табиғат аясында барынша сақтық танытуға шақырамыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу