Бүгін елімізде Абайдың туған күні аталып өтуде

694

Республикалық Абай оқуларында 56 оқушы жеңімпаз атанды. 

Бүгін елімізде Абайдың туған күні аталып өтуде Фото: gov.kz

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай  Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV  Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:

  • I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы;
  • II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы;
  • III  дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:

 "Бас жүлде" — Шығыс Қазақстан облысы;

  • 1 орын — Абай облысы;
  • 2 орын — Қарағанды облысы;
  • 3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының "Абай және Шәкәрім" мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу