Жылдағы дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елімізде бұрын ғашықтар күні ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күнімен байланыстырылатын. Осы халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббатына арналған мерекелі күнді белгілеу ұсынылған еді.
Бұл тұрғыда кейінгі жылдары ұлттық ғашықтар мерекесін атап өту кең тарап келеді.
Өткенге көз жүгіртсек, бұл күнді атап өту осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған деген деректер бар. Алайда, бұл күнді "Ұлттық ғашықтар күні" ретінде атап өту 2011 жылдан басталғаны туралы да мәліметтер кездеседі.