Бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді

1186

​Елімізде бүгін сағат 10.00-де ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелген. Оның ішінде, Алматыдан – 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан – 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген.

Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады. Ең көп дауыс беруші Түркістан (317 дауыс беруші) және Қостанай (263 дауыс беруші) облыстарында. Ал ең азы Астанада – 31, Шымкентте – 30 және Алматыда – 38.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу