Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады.
"Еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүстігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Ондағы дерекке қарағанда, Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу