Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

751

Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін республика бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін сынық биыл алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылып отыр. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-ға қатысуға 92 мың 827 түлек ниет білдірген. Олар биылғы мектеп бітірушілердің 71% құрайды. Республика бойынша арнайы 165 текст өткізу пункті жасақталған. Ал, биылғы сынақтың негізгі ерекшелігі түлектерге міндетті пәндерден бөлек болашақ мамандығына қарай екі пән таңдауға мүмкіндік берілген. Жалпы 5 пәнді қамтитын 120 тапсырмадан қатысушы максималды 140 балл жинап, грантқа тапсыра алады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу