Бүгін еліміздің 9 қалаcында ауа сапасы нашарлайды

171

3 сәуір, сәрсенбі күні 9 қалада метеорологиялық жағдай нашарлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

 Бүгін еліміздің 9 қалаcында ауа сапасы нашарлайды Фото: canva.com

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу