Қазгидромет 19 қаңтарда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синоптиктердің дерегінше, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағына қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді.
– Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда – қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, – деп жазды мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу