Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады

186

"Қазгидромет" РМК-сы тамыздың 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталады Фото: freepik

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде күннің құбылып тұруына ықпал етеді, яғни найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында күн қатты ысиды.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда Түркістан, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абайоблысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу