Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

843

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазақстаннның басым бөлігі арқылы өтетін фронталды бөліктер ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Кей жерлерде жаңбар жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кейбір аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін ұлғаяды.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қауіпі сақталады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Астанада күн алабұлтты, жаңбыр жаумайды. Оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы +15+17°С, күндіз +28+30°С. Алматыда да күн алабұлтты, жауын жаумайды. Желдің екпіні секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу