ҚР аумағының басым бөлігі циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты қар, оңтүстікте, батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын жел күшейіп, күші 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу