Еліміздің кейбір аймағында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Ел бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта – тұман, оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.
Республиканың басым бөлігінде түнгі ауа температурасының төмендеуі 5-13 градусқа дейін жетіп, аяз болады. Ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз ауа температурасы 0-10 градусты көрсетеді. Батыста күн 7-17 градус, ал оңтүстікте 15-25 градус жылы болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу