Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің барлық аумағында ауа-райы құбылмалы болады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша жауын-шашын, қар және жаңбыр болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (соның ішінде жаңбыр және қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжанып отыр.
Ал еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу