Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

269

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады Фото: freepik

Скандинавия аймақтарынан келетін орасан зор циклон Қазақстан аумағына әсер етеді. Осыған байланысты 7 ақпанда елімізде ауа райы құбылмалы болады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын болады, қатты жел тұрады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігі, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі, батысы, Жамбыл облысында таулы аймақтарда, Түркістан облысында дауыл соғады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу