4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, қар және жаңбыр жауады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РММ-не сілтеме жасап.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.
Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ, еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу