15 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай мен жаңбыр, бұршақ жауы мүмкін. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз Павлодар облысында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.