Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

446

 "Қазгидромет" РК-сы наурыздың 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады Фото: inbusiness.kz

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінің күн райын орталығы Ақтөбеде орналасқан кең алқапты циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады, деп хабарлайды

Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, солтүстік облыстарда қатты нөсерлетеді, елдің оңтүстік-шығысында да жаңбыр болжанады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте бұршақ жауып, солтүстік батыста жаяу бұрқасын соғады. Батыста, солтүстік батыста, солтүстікте көктайғақ болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу