Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және жел болады

453

26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы. 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және жел болады  Фото: inbusiness.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 26 желтоқсанда Республика аумағының басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, қар және жаңбыр болады. Сондай-ақ, күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Ал солтүстік-батыста қалың қар түседі. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын, жаңбыр және қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, екпінді жел тұрады.

Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстікте, батыста, Ақмола облысының орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу