"Атлантикалық циклон жырасының әсерінен Қазақстан басым бөлігінде ауа райын аңықтайтын болады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Республика бойынша жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, еліміздің оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман, Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында найзағай болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус аяз болады.
Алматыда синоптиктер көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Термометрлер түнде 2-4, күндіз 14-16 градус аязды көрсетеді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус нөлден жоғары болады.