Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

655

"Қазгидромет" РМК-сы сәуірдің 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады Фото: wnyc.org

Кәсіпорын таратқан дерктерге қарағанда, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

ҚР бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу