Бүгін еліміздің батысында күн өте ыстық болады

170

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің батысында күн өте ыстық болады Фото: freepik

ҚР солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР қалған аймақтарына әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін тигізетін болады - найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде, қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстаноблысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында, Маңғыстау облысының жағалауында, Жетісуоблысының солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылордаоблыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматыоблысының батысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу