Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматы, Шымкент, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы жерлерінде боран соғады.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклон әсерінен 26 ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.