Бүгінгі ауа райы болжамы Қазақстанда тұман түсіп, үсік жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр болады. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +15...+17°C аралығында болады.
Алматыда күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C аралығында күтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу