Бүгін еліміздің қай өңірінде аптап ыстық болады?

436

"Қазгиромет" тамыздың 7-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бүгін еліміздің қай өңірінде аптап ыстық болады? Фото: inbusiness.kz

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, әлі де, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Тек Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Қазақстанның солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-38°С ыстық. Маңғыстау облысында 38-41°С ыстық болады.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облыстарының орталығында оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу