"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады", деп нақтылайды синоптиктер.
"Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады", - деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.