Бүгін "Елорда жастарына" өтінімдер қабылдау басталды

507

Өтініштер 1-6 ақпан аралығында қабылданады.  

Бүгін "Елорда жастарына" өтінімдер қабылдау басталды Фото: Inbusiness.kz

Бағдарламаға Астанада тұрақты тіркеуде 1 жыл тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар birge.astana.kz порталы арқылы онлайн өтініш бере алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бағдарлама "Отбасы Банкі" АҚ арқылы елордадағы бастапқы/қайталама нарық арқылы 80 жастың жеке пәтер сатып алуына мүмкіндік береді.

Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласында жұмыс істейтін жеке ұйым және әлеуметтік қызметкерлер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары, журналистер, Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындары мен мекемелерінің бейінді қызметкерлері қатыса алады. Сондай-ақ аталған бағдарламаға қызмет саласына қарамастан Астанада "Жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері енеді.

Порталда қатысуға өтінімді толтыру кезінде таңдалған аймақ өтініш беруші жұмыс істейтін аймақпен сәйкес келуі керек.

Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңге, бастапқы жарна - 10%, қарыз бойынша мөлшерлеме-жылдық 5%, 25 жылға дейінгі мерзімге.

Толық ақпаратты zhilfond.kz сайтынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу