Халықаралық көрменің құрметіне кешелі бері "Қазанат" атшабарында Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында спорттық-бұқаралық шаралар өтуде, деп хабарлайды elorda.info.
Екі күн қатарынан атшабар (ипподром) аумағында Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де Астана қаласы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының шабандоздары өзара жарысады.
Кеше, 29 маусымда жамбы ату, қыз қуу, көкпар, аударыспақ, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және тазы иттерді жарыстыру сияқты іс-шаралар өтті. Жүлдеге үш млн теңгеден астам қаржы тігілді.
Ал бүгін ресми түрде ат жарыстарының ашылуы өтеді. Бағдарлама бойынша түрлі бағытта бәйге ұйымдастырылады. Жорға жарыстың қашықтығы 7 шақырым, жүлде қоры – 6,3 млн теңге. Аламан бәйге бойынша 21 шақырым, жүлде қоры – 15 млн теңге.