Бүгін елордада екі бірдей матч өтеді

880

Осыған байланысты спорт жанкүйерлері үшін арнайы 12 Shuttle автобустың қозғалысы ұйымдастырылады.

Бүгін елордада екі бірдей матч өтеді Фото: olympic.kz

Бүгін, 3 қазан күні "Астана" футбол командасы Еуропа лигасы аясында Сербияның "Партизан" командасымен кездеседі. Еуропа лигасында топтық кезеңнің ойындары Нұр-Cұлтан уақытымен сағат 20:50-де басталады.  

Қазірде "Астана" "Манчестер Юнайтед" командасынан жеңілгеннен кейін өз тобында соңғы орында тұр.  Ал "Партизан" командасы "АЗ Алкмар" құрамасымен тең ойын нәтижесінде екінші және үшінші орындарға жайғасқан. 

Сондай-ақ, 19:30-дан 23.00-ге дейін "Барыс-Арена" спорт кешенінде "Барыс" пен "Торпедо НН" шайбалы хоккей ойынынан КХЛ Чемпионаты өтеді.

Осыған байланысты спорт жанкүйерлері үшін арнайы 12 Shuttle автобустың қозғалысы ұйымдастырылады.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, екі бірдей матчтың өткізілуіне байланысты, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары, Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы учаскесінде туындаған автокөлік кептелісін полиция қызметкерлері реттейді.

"Спорт шаралары кезінде жанкүйерлерге сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін арнайы рейстер ұйымдастырылады. Олар № 10; 12; 28; 37; 40; 51; 53; 60; 801; 802; 803; 303. Сонымен қатар, қосымша 12 автобус-шатлдар (  "Бал бала" –  №167 көше, ғм.5/1, "Көктем"  СҮ- Бөгенбай батыр даңғылы. 34,   "Аружан" СҮ – Жансүгіров к-сі,  8/1, г/м "Строймарт" – Қошқарбаев д-лы-Құдайбердіұлы) бар", – делінген хабарламада. 

Матчтар аяқталған соң да жанкүйерлерге қайтуға автобустар ұйымдастырылады: Қабанбай батыр даңғылы жағынан  "Астана Арена", "Барыс Арена"  спорт кешендері жанындағы бірінші шеңберден жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу