Биылғы жиын "Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар" тақырыбында өтеді. Іс-шараға қатысушылар тұрақты өсудің жаңа жолдарын, адам капиталының дамуы мен білім және инновация халықаралық орталықтары есебінде қалалар әлеуетін күшейтуді талқылайды. Ал Қазақстандық экономикалық зерттеулер институты "Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" сараптамалық шолуын дайындаған.
Форумда екі күн ішінде 100-ге жуық сарапшы сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Биыл АЭФ-ке 5 мыңға жуық адам қатысады. Олардың жартысы әлемнің 100 елінен келетін шетелдік делегаттар.
Айта кетейін, сағат 11:00-ден бастап Atameken Business арнасы форум барысын тікелей эфирде көрсетеді.