Бүгін елордада және республиканың 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды. 

Бүгін елордада және республиканың 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК 18 қаңтарға арналған Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кететін болсақ, бейсенбі күні Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Ал өзге өңірлерде ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (соның ішінде тымық ауа-райы, жеңіл жел, тұман және инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ, қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу