Бүгін елордаға 350 мың маска әкелінеді

1209

Қала ішінде қосымша сынама алу пунктері ашылуы мүмкін.  

Бүгін елордаға 350 мың маска әкелінеді

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ел астанасын медициналық құрал-жабдықтармен қамту шаралары туралы ақпарат берді.

"Бүгін кешке дейін 350 мың маска әлкелінуі керек. Бұл жағдай бақылауымызда. Дезинфекциялық  құрлардарға деген қажеттілік те есептелді. Жеткізушілермен жұмыс пысықталса, қала түлгел қамтамасыз етіледі", – деген маман барлық коронавирус жұқтырғандармен бір ұшақта болғандар және қала аумағында байланысқа түскендер туралы толық ақпарат ертең таңертең айтылатынын жеткізді.

"Тест құралдары жеткілікті. Бұл жерде  биоматериал талдауларын алуға арналған қосымша бекеттер ашу кезінде коронавирус инфекциясы қауіптілігі бойынша екінші деңгейге жататынын ескеру керек. Яғни, биологиялық қауіпсіздікті сақтау керек. Материалды алу кезінде де, тасымалдаған кезде де, лабороториялық зерттеу жүргізгенде да биологиялық қауіпсіздікті сақтау керек. Бұл мәселе қаралып жатыр. Алдағы күндері  қосымша биологиялық материал алу пунктерін ашу мәселесі шешімін табады. Талдауларды алу  эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып жүргізілуі керек. Яғни,  аурур жұқтыру қаупі жоғары елдерге барғандар мен байланыста болғандардың саны есепке алынады", – деді Сәуле Қисықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу