Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген білім басқармасының хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу