Өңір әкімі әуежайға дейін баратын автобус маршрутын ашу жоспарда барын айтты.
Лоукостер-компания билетінің ең төменгі бағасы – 6000 теңге. Бұл сомаға ұшу мен 5 килограмм қол жүгін тасымалдау кіреді. Қажет болған жағдайда багажға қосымша төленеді. Борттағы азық-түлік пен сусындар да бөлек бағаға сатып алынады.
Әзірге FlyArystan иелігінде Airbus A320 маркалы екі ұшақ бар.
Қазір лоукостер басшылығы болашақ базалардың бірін Қарағанды әуежайында орналастыру мүмкіндігін қарастыруда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу