Бүгін грантқа ие болған түлектердің тізімі жарияланады

1026

Бүгін грантқа ие болған түлектердің тізімі жарияланады

1 тамызда білім беру гранттарына ие болғандардың аты-жөні жарияланады.

Байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы (http://testcenter.kz/ru/), "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", zakon.kz, сайттарында және "Узнай результаты конкурса" телеграм-боттан көруге болады.

"Гранттарды үлестіру үрдісі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде адами фактор толықтай жойылған. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, "Жас Отан" жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, "ADAL BILIM" жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлық процестерді бақылады",– делінген БҒМ таратқан хабарламада.

Айта кетсек, үш жылдан бері "Алтын белгі" төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайда барлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу