Бұл күнді мереке ретінде атап өту 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданға. Бір ғасырға жуық тарихы бар мерекені Қазақстан да жыл сайын атап өтеді.
Халықаралық балалар күні кейбір елдерде басқа күні мерекеленеді. Мәселен, Малайзияда қазан айының соңғы сенбісінде, Оңтүстік Корея мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларды қорғау күні 16 маусымға белгіленген.
Жалпы Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған.
Балалардың құқығымен байланысты мәселелерді елімізде Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті реттейді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бар. Бұл қызметті қазір Аружан Саин атқарып отыр.