Бүгін Тампа қаласында 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Qsport.kz.
Дычко бүгін өзінің instagram парақшасына жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен фото жариялады. Өлшеу қорытындысында боксшының салмағы 224 (110,7келі) фунтты көрсетті.
Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Родригес Кэйдтің бұл жекпе-жегі оның кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі болмақ. Жекпе-жек төрт раунда болады деп жоспарлануда.
Ұйымдастырушылар Тампа қаласында өтетін бокс кешінде Латын Америкасындағы нөмірі бірінші кеш дейді. Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде америкалық боксшы Дэниэл Лосано (14-4, 11 КО) мен Рикардо Родригес (16-4, 5 КО) жұдырықтасады. Бұл аталған боксшылардың екінші кездесуі. WBC FECARBOX және WBO Latino белбеулері үшін өткен бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша Родригес жеңіске жеткен.
Жекпе-жек кешінің билеттері 25 доллар тұрады. Аталған шараның басты қонағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, америкалық талантты боксшы Теофимо Лопес (6-0, 5 КО) болады.
Еске салайық, 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 29 қырүйек күні өткізіп, америкалық Эйбур Райтты (2-2, 1 КО) жеңді.