Жетісу облысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда 19 маусымда күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, бұршақ түседі, түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда найзағай ойнап, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде жне күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 19 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-18 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр жауады, түнде және күндіз облыстың батысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың орталығында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 19 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 19 маусымда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.