Сот жабық түрде өтеді, тікелей эфир жоспарланбаған, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
"Келіп түскен іс бүгін, сағат 12:00-де Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Тікелей эфир жоспарланбаған", – делінген Жоғарғы соттың Inbusiness.kz сайтына жауабында.
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас (шын аты-жөні Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылғанын еске саламыз.
Көліктегі полиция департаменті, Алматы-Астана рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасау және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарау үшін жіберілген.