Бүгін Қарағандыда триатлоннан республикалық жарыс басталды

840

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам спортшы қатысуда.

Бүгін Қарағандыда триатлоннан республикалық жарыс басталды

Жарыс Орталық саябақтағы көлде басталды және ертең де жалғасатын болады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. . 

Қатысушылар үш жарыс түрі бойынша бақ таластырады: жүгіру, велосипедпен жүру және жүзу.

Бүгін, 20 шілде күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін екі санатта жарыстар өтеді: 18 жастан 23 жасқа дейінгі және 13 жастан 18 жасқа дейінгі қатысушылар үшін.

Ересектер "стандарт" қашықтығын өтуге тиіс: 1500 м жүзу, 40 км веложарыс және 10 км жүгіру.

Балалар үшін басқа нормативтер қарастырылған: 250 м жүзу, 6,6 км велосипедте және 1,6 км жүгіру. 

Ертең, 21 шілдеде әуесқойлар үшін триатлоннан "TEMIRADAM" кубогі өтеді. Спринтерлік қашықтықтағы жарыс олар үшін үш кезеңнен тұрады: 750 м жүгіру, 20 км веложарыс және 5 км жүгіру. Додаға шамамен 130 адам қатысады деп күтілуде, оның ең үлкені 60 жаста. 

Жарысқа байланысты қала орталығындағы жолдар жабылмақ. Бүгін, 20 шілде, 7.00-ден 12.00-ге дейін бұл жерден көлікпен өту мүмкін болмайды. Ертең. 21 шілде, қозғалыс сағат 7.00-ден 14.00-ге дейін шектеледі. 

Қарағандыда триатлоннан республикалық жарыс төртінші рет өтіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу