Инженерлік әскер құрылымы Қарулы күштердің құрылған сәтінен бастап қызмет етіп келеді. Оларға жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу үшін айрықша тапсырма жүктелген.
Қарулы Күштерде инженерлік әскерлер қозғалыс жолдарын, көшіру маневрлерін инженерлік барлау, мина-жарылғыш қоршауларды орнату, жолдарды, су кедергілері арқылы өткелдерді жабдықтау және ұстау, шептерді, бекіністерді, әскери бөлімдердің орналасу пункттерін фортификациялық жабдықтау, басқару пункттерін өрістету бойынша тұтас тапсырмалар кешенін орындайды.
Бүгінде инженерлік әскерлер – қажетті мамандармен жасақталған, әскери техникамен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықталған құрамалар мен әскери бөлімдер.
Инженерлік әскерлер жақында жаңа заманауи үлгілермен, яғни жер қазатын инженерлік техникамен, мина-жарылғыш қоршауларды орнатуға арналған техникамен толығады, инженерлік барлауды жүргізу, әскерлердің орналасу аудандарын, қорғаныс шептері мен бекіністерді фортификациялық жабдықтау, сондай-ақ, су шығару және оны тазартуды қамтамасыз ету сияқты міндеттерді атқарады.