Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" вингері Максим Самородовқа австриялық "Рапид" пен италиялық "Торино" көз тігіп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
JAY Sport телеграм-арнасының мәліметінше, бүгін Словения мен Қазақстан арасындағы матчта австриялық "Рапид" пен италиялық "Торино" өкілдері келеді.
"Селекционерлердің бар назары "Ақтөбе" шабуылшысы Максим Самородовта болады. Бұған дейін 21 жастағы футболшыға австриялық клуб қызығушылық танытқаны хабарланған. Сондай-ақ оған көз тіккендер қатарында түркиялық "Трабзонспор" бар", - деп жазды дереккөз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу