Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-корей ынтымақтастығын жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Бүгін қазақ-корей достығы жылнамасындағы айтулы күн деуге толық негіз бар. Біз Корея басшысының осы мемлекеттік сапарына айрықша мән береміз. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары екенін көрсетеді. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Бүгін біз кеңейтілген стратегиялық әріптeстегімізді одан әрі дамытуға уағдаластық. Өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын айқындадық. Ең бастысы бір-бірімізге әрқашан тілеулес екенімізді таныттық”, - деді Тоқаев БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдемеде.
Президенттің сөзінше, екі тарап сауда-экономика және инвестиция салаларына баса мән беріп отыр.
Корея – Қазақстанның ең ірі 5 инвесторының бірі. Былтырға дейін осы елден тартылған инвестиция көлемі 9,6 млрд долларға жетті, бұл көрсеткішті ұлғайтуға екі тарап та мүдделі, деп жалғастырды Мемлекет басшысы.