Бүгін Қазақстан аумағында 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді

704

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қазақстан территориясының аумағында болған.  

Бүгін Қазақстан аумағында 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді Фото: zakon.kz

ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 8:01 минут 28 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу